Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Шымкент: Әл-Фараби ауданында келер жылы 56 аула абаттандырылады

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Мықтыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде ауданның 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есеп берді.

Ауданның жалпы жағдайы

Қазіргі таңда аудан аумағында 17 шағын аудан және 1 елді мекен бар.
Барлығы 931 көппәтерлі тұрғын үй және 16 663 жеке үй орналасқан.
Аудан халқының саны 266 806 адамға жеткен.

Инфрақұрылым толық қамтылған:

Ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен қамту көрсеткіші – 100%;

390 көше мен 257 әлеуметтік нысан орналасқан.

Абаттандыру және спорт инфрақұрылымы

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биыл 33 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынды.
Қосымша 5 аулада жұмыстар жалғасуда.

2025 жылы 56 аула, ал 2027–2028 жылдары тағы 52 аула абаттандырылмақ.
Сонымен қатар:

6 спорт алаңшасы жергілікті мекеме есебінен жөнделді;

3 спорт нысаны демеушілер қолдауымен жаңартылды.

Қазіргі уақытта аудан аумағында 113 спорт алаңшасы бар.

Жарықтандыру және көріктендіру

Биыл 133 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарланған, оның 42-сінде жұмыстар толық аяқталды.
112 көпқабатты үйдің 63 ауласына шамдар қойылды, қалған 49 аулада жыл соңына дейін аяқталады.

Сонымен бірге, 21 тұрғын үйдің қасбеті жарықтандырылып, оған 33 млн теңге жұмсалған.
Қаланың эстетикалық келбетін арттыру мақсатында 11 көпқабатты үйдің қасбетіне муралдар салынды. Бұл жұмыстарға 7,1 млн теңге бағытталды.

Көше жөндеу жұмыстары

Аудандағы 390 көшенің 365-іне асфальт төселген.
Биыл 25 көшеде жаңа асфальт төсеу жоспарланып, оның 18-і аяқталды.
Қосымша 85 көшенің асфальт қабатын жаңарту көзделген, оның 23-інде жұмыс аяқталды, қалған 62 көшеде жыл соңына дейін аяқталады.

Сондай-ақ, 59 аула аумағына асфальт төсеу қарастырылып, бүгінде 40 ауладағы жұмыстар толық орындалған.

Маратбек Мықтыбековтің айтуынша, барлық жобалар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қаланың инфрақұрылымын жаңартуға және қоғамдық кеңістіктердің қолайлы болуына бағытталған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар