Вторник, 6 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛЫ ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТИІМДІ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласында 2025 жылы өңірді цифрландыру бойынша нәтижелі жобалар іске қосылып, олардың тиімділігі анық байқалуда. Қаланың инфрақұрылымын жақсарту, қызметтердің қолжетімділігін арттыру және басқару тиімділігін күшейту бағытында бірқатар маңызды жұмыс атқарылды.
Ағымдағы жылы 317 “АҚЫЛДЫ БАҒДАРШАМ” (ITS) ЖҮЙЕСІ іске қосылды.
Мақсаты: интеллектуалды көлік жүйесін енгізу арқылы жол қозғалысын басқару сапасын арттыру. Бұл жүйе арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен жоғары технологиялық жабдыққа негізделген.
Мүмкіндіктері: көлік детекторларынан үздіксіз түсетін деректерді талдап, нақты уақыт режимінде басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жол қауіпсіздігі мен қозғалыс қарқыны жақсарады.
Сонымен қатар қалада «ROBOPARK.KZ» жобасы жүзеге асырылды.
Мақсаты: ІТ мамандарын даярлау және стартап ортасын дамыту үшін білім беру экожүйесін қалыптастыру.
Мүмкіндіктері:
– қазақша авторлық әдістеме;
– STEM білімін қолжетімді ету;
– инженерлер, бағдарламашылар және жаңашыл мамандарды дайындау;
– 4-16 жас аралығындағы балаларды оқыту;
– республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу;
– Python және Scratch бағдарламалау курстары.
Ағымдағы жылы 185 оқушы аталған орталықта тегін оқып жатыр.
Цифрландырудың тағы бір маңызды бағыты – «DOCUMENTOLOG» БҰЛТТЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ.
Әкімдікке қарасты 117 мекеме толық электрондық форматқа көшіп, құжат айналымын орталықтандырылған бұлтты жүйеде жүргізуде.
Нәтижесі: бюрократиялық рәсімдер 90 пайызға қысқарып, мемлекеттік орган жұмысының тиімділігі артты.
Шымкент қаласының цифрлық трансформациясы жалғасуда және атқарылып жатқан жобалар қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға елеулі үлес қосуда.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар