Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Білім беру саласының ел болашағын қалыптастырудағы рөлі ерекше

Түркістан облысында 15 наурыз күні өтетін референдумға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыған байланысты өңірде ақпараттық-түсіндіру шаралары жүйелі түрде жалғасып келеді.

Осы орайда жалпыұлттық коалиция мүшелері Қалыйма Жантөреева, Мұрат Ғұбайдұллин, Құрманғали Сүлейменов және Салтанат Есетова Түркістан қаласындағы №32 жалпы орта мектепте болып, білім беру саласының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мектеп ұжымы мен ұстаздар қауымына жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Коалиция мүшелері елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың маңызына тоқталып, олардың қоғамның барлық саласына, соның ішінде білім беру жүйесіне де оң әсер ететінін атап өтті.

Жиында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділетті қоғам құру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы өзгерістер туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар білім беру саласының ел болашағын қалыптастырудағы маңызды рөліне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында коалиция мүшесі Құрманғали Сүлейменов білім мен тәрбие мәселесінің қоғамдағы маңызына тоқталып өтті. Ал Салтанат Есетова конституциялық реформалардың өскелең ұрпақтың болашағына ықпалы туралы пікір білдірді.

– Білім беру саласы – елдің ертеңін айқындайтын стратегиялық бағыттардың бірі. Жаңа Конституциялық өзгерістер қоғамдағы әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын күшейту арқылы жас ұрпақтың сапалы білім алуына, олардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің тең болуына негіз қалайды. Ұстаз – ұлттың болашағын тәрбиелейтін тұлға. Сондықтан мұғалімдердің мәртебесін арттыру, білім сапасын көтеру және жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мемлекет саясатының маңызды басымдықтарының бірі. Конституциялық реформалар да осы бағыттағы жұмыстардың тиімді жүзеге асуына жол ашатын маңызды қадам, – деді Салтанат Есетова.

Жиын соңында мектеп ұжымы жаңа Конституция жобасына қатысты өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық әрі мазмұнды пікір алмасу форматында өтті.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар