Пятница, 2 октября, 2026
14.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

«Әділетті Қазақстан үшін»: «Әділет» партиясының мобильді керуендері елдің 17 облысын аралайды

Ауқымды үгіт-насихат акциясы аясында барлығы алты мобильді топ құрылған

«Әділет» партиясы «Әділетті Қазақстан үшін» атты жалпыұлттық жобасын бастады. Бір ай бойы партиялықтардың мобильді керуендері еліміздің 17 облысындағы жүзге жуық қала, аудан орталығы және шалғайдағы ауылдарды аралайды.

«Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер керуеннің алғашқы автобусын аймақтарға аттандырды. Ауқымды үгіт-насихат акциясы аясында барлығы алты мобильді топ құрылған, олардың құрамына кандидаттар, сарапшылар, сенімді тұлғалар мен белсенділерді қосқанда, 200-ге жуық адам кірген.

29 күн бойы керуеннің автобустары 14 мыңнан астам шақырым жол жүрсе, ол кездесулерге алдын ала болжам бойынша 10 мыңнан астам қазақстандық қатысады.Алғашқы бағыттың жетекшісі болып партия Саяси кеңесінің мүшесі, Құрылтай депутаттығына кандидат, белгілі тележүргізуші Армангүл Тоқтамұрат тағайындалды. Оның айтуынша, Қазақстанның 17 облысында алты мобильді топ жұмыс істейді.

Оның айтуынша, бірінші автокеруен Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай облыстарына аттанады.

«Біздің команда аудан тұрғындары мен ауыл халқымен кездесіп, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырады, азаматтарды толғандырған өзекті сауалдарға жауап береді. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныстарын жинап, оларды алдағы бірлескен жұмыс барысында ескереміз. Ертеңнен бастап халықпен алғашқы жүздесулер өтеді», — деді Армангүл Тоқтамұрат.

Сондай-ақ, партияның керуені ауылдарға ерекше назар аудармақ.  Өйткені, бүгінде Қазақстан халқының шамамен 37 па яғни 7,5 миллионға жуық адам тұрады.Мобильді керуендердің бағыты елдің барлық өңірін қамту үшін Шығыс Қазақстаннан Маңғыстау облысына дейін, Солтүстік Қазақстаннан Түркістан облысына дейінгі өңірлерді қамтиды. Басты мақсат – әрбір тұрғынның сөзіне құлақ асып, кейін осы мәселелерді Құрылтайдың заң шығару органына жеткізу.

Еске сала кетейік, 23 шілдеде Астанада «Әділет» партиясының Республиқалық сайлауалды штабы ресми түрде ашылып, бұл партияның Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанына толыққанды кіріскенін айғақтады. Бүкіл республика бойынша ауқымды жұмыс атқарылатмақ, ел бойынша  20 өңірлік және 226 аумақтық штаб, сондай-ақ 30 мыңға жуық сенімді тұлға үгіт-насихатқа қатысады.

Партия сайлауға ҚР жаңартылған Конституциясының қағидаттарына негізделген «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасымен түсіп жатыр. Құжатта 2031 жылға дейін есептелген мемлекеттік саясаттың жеті стратегиялық мақсаты мен он басты бағыты қамтылған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар