Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

АРЫСТА ТУҒАН КҮН ИЕСІ АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ

Арыс қаласына қарасты Қаражантақ елді мекенінің тұрғыны Айкүміс Кәрим 18 жасқа толып, алғаш рет өз таңдауын жасады. Айрықша сәт туған күнімен тұспа-тұс келіп, жас азамат үшін есте қаларлық маңызды күнге айналды. Алғаш рет саяси науқанға қатысқан аруға учаске мүшелері символикалық сыйлық табыстап, гүл шоқтарын ұсынып, ізгі тілектерін білдірді. Осылайша, туған күнімен қатар азаматтық қадамын жасаған Айкүміс үшін бұл күн жаңа өмір белесінің және қоғам өміріне белсенді араласудың жарқын бастауы болды.
Айта кетейік, Түркістан облысында 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар