Қала күні қарсаңында шаһар басшысы Қайсар Маңқараевтың тапсырмасына сәйкес Арыс қаласында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар мен мекеме ұжымдары, білім беру және денсаулық сақтау , мәдениет пен спорт саласының өкілдері белсене қатысып, өздеріне бекітілген секторлар аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындардағы қоқыстар жиналып, қаптарға салынып, арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар «Khazakh Real Stroy» мекемесі әк таратып, сенбілікке қатысушылар қала көшелеріндегі ағаш көшеттерінің түптерін әктеді.
Тазалық жұмыстарына қатысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Қала тұрғындарынан атқарылған еңбекті бағалап, тазалықты сақтауды және бүгін тазаланған аумақтарға қайтадан қоқыс тастамауды сұраймыз.
Таза қала – баршаға ортақ жауапкершілік.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі
#ТазаҚазақстан




