Елімізде маусымның үшінші жексенбісі Әкелер күні аталып өтеді.
Әке – отбасының тірегі, қамқоршысы және әр баланың өміріндегі ең қымбат жанның бірі. Ол өз еңбегімен, ақыл-кеңесімен және өнегелі ісімен ұрпағына бағыт-бағдар береді.
Барша әкелерді мерекемен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Әр шаңырақта әке беделі биік, мерейі үстем болсын!
БҮГІН ӘКЕЛЕР КҮНІ




