Четверг, 1 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Кәсібіне адалдық және мемлекетке қызмет ету жол

Якименко Татьяна Ивановна — кәсібилігімен, жауапкершілігімен және мемлекеттік қызметке адалдығымен ерекшеленетін тұлға. Қырық жылдан астам еңбек жолы қаржы саласы мен кеден органдарымен тығыз байланысты. 1987 жылы жоғары білім алып, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау саласында еңбек жолын бастаған ол 1994 жылдан бастап кеден органдарында, ал 2014 жылдан бері мемлекеттік кірістер органдарында қызмет атқарды.
Қызмет жылдары ішінде Татьяна Ивановна жетекші маманнан басқарма басшысына дейінгі кәсіби сатылардан өтті. Ұзақ уақыт Кедендік бақылау департаментінің Тарифтік реттеу басқармасын басқарды, ал соңғы жылдары Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кедендік әкімшілендіру саласында жауапты қызмет атқарды.
Оның кедендік құнды айқындау және тауарларды сыныптау бағытындағы терең білімі мен мол тәжірибесі бақылау сапасын арттыруға және қаржылық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосты. Азаматтар мен бизнес өкілдерінің өтініштерін қарау барысында әрдайым әділдікке, ашықтыққа және заңдылыққа басымдық беріп, мемлекеттік мүддеге адал қызмет етті және бюджеттің толықтырылуына өз үлесін қосты.
Татьяна Ивановна — кеден қызметінің полковнигі арнайы атағына ие. Көпжылдық адал еңбегі үшін ол көптеген ведомстволық медальдармен, төсбелгілермен және Құрмет грамоталарымен марапатталған. Бұл марапаттар — оның жоғары кәсіби деңгейінің, мінсіз қызметінің және мемлекет алдындағы еңбегінің айқын дәлелі.
Сонымен қатар, оның кадр даярлаудағы еңбегі ерекше. Қызмет барысында көптеген жас мамандарды тәрбиелеп, кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Бүгінде оның шәкірттері мемлекеттік кірістер жүйесінде табысты еңбек етуде. Әріптестері үшін ол — қызметтік әдептің, принципшілдіктің және іске деген беріктіктің үлгісі.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де оның есімі құрметпен аталады. Соңғы қызмет жылында ол «Мемлекеттік кірістер органдарының аңыз-әйелі» номинациясымен марапатталды. Бұл — оның көпжылдық еңбегіне, кәсіби беделіне және әріптестерінің зор құрметіне берілген лайықты баға.
Сондай-ақ, оның ұлы ана жолын жалғастырып, бүгінде мемлекеттік кірістер органдарында қызмет атқаруда. Бұл — кәсіби дәстүр сабақтастығы мен отбасылық құндылықтың айқын көрінісі.
Жалпы еңбек өтілі 42 жылды құрайды, оның 31 жылы мемлекеттік қызметке арналған. Татьяна Ивановнаның еңбек жолы — жауапкершіліктің, адалдықтың және мемлекетке қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі.

 

Шымкент қаласы бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар