Пятница, 2 октября, 2026
24.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

МАМАНДАР «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ГАЗҒА ЖЕҢІЛДІК АЛУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРДІ

Бұл байынша Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде арнайы баспасөз брифингі ұйымдастырылды. Брифингте спикерлер мегаполсте іске қосылатын «Әлеуметтік әмиян» жобасы аз қамтылған азаматтар мен әлеуметтік көмек алушылар үшін газға жеңілдік алу тәртібін жеңілдетуге бағытталған жоба жайында түсіндірді.
Пилоттық жоба 5 айға жоспарланып отыр және оның сәттілігі дәлелденсе, еліміздің басқа өңірлеріне де енгізілмек. Қазірдің өзінде Шымкент тұрғындары үшін газға жеңілдік рәсімдеу үдерісі барынша жеңілдетілді.
Жоба қалай жұмыс істейді?
1. Әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар 1414 бірыңғай нөмірінен СМС хабарлама алады.
2. СМС арқылы өз деректерін өңдеуге рұқсат беру үшін хабарламаға жауап жіберу қажет.
3. Осыдан кейін пайдаланушы eGov Mobile қосымшасын орнату үшін сілтеме алады.
4. Қосымшаға кірген соң, «Әлеуметтік әмиян» қызметі арқылы QazaqGaz Aimaq АҚ абоненттік шотын енгізіп, қажетті деректерді автоматты түрде толтырады
5. Ваучерді белсендіру үшін абонент жеке шот деректерін енгізіп, қажетті әрекеттерді орындауы керек.
6. Ваучер іске қосылғаннан кейін келесі айда жеңілдік сомасы түбіртекте және «Әлеуметтік әмиян» қосымшасында көрсетіледі.
Бұл жүйе газға жеңілдік алу үдерісін айтарлықтай жеңілдетіп, азаматтарды артық бюрократиялық кедергілерден арылтады. Егер жоба тиімділігін дәлелдесе, ол алдағы уақытта бүкіл ел бойынша қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар