Пятница, 2 октября, 2026
14.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Ортақ мақсатқа бір ырғақпен: Түркістанда «Ортақ арна» флешмобы өтті

Түркістан қаласындағы ескек есу каналы ерекше спорттық флешмобқа ұласты. Жас спортшылардың қатысуымен өткен «Ортақ арна» бастамасы бірлік, өзара үйлесім және ортақ мақсатқа бірге ұмтылу идеясын көрсетті. Су бетіне шыққан каноэ флотилиясы бір саппен қозғалып, синхронды әрекеттің нәтижесін көпшілікке паш етті.

Флешмобтың атауы да оның негізгі мазмұнын айқындайды. «Ортақ арна» – әр адамның өз бағытын сақтай отырып, ортақ мақсат жолында бірлесе әрекет етуін білдіретін символдық ұғым. Бірнеше каноэның бір мезетте, бір ырғақпен алға жылжуы қатысушылардың өзара түсіністігі мен командалық жұмысының маңызын аңғартты.

Әр спортшы жалпы саптағы өз орны мен қозғалыс қарқынын дәл сақтауға тырысты. Бір адамның әрекеті бүкіл композицияның үйлесіміне әсер ететіндіктен, мұнда тәртіп пен жауапкершілік ерекше маңызға ие болды. Ортақ ырғақтан жаңылмай, белгіленген бағытпен қозғалу – команданың басты ұстанымына айналды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар