Пятница, 2 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Қазақстандық мамандар шетелдегі атом электр станцияларының құрылысына қатысуда

«Ашық алаң» бағдарламасында энергетик, Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының мүшесі Бекжан Әлімқұлов қазақстандық мамандардың шетелдегі атом электр станцияларының құрылысына белсенді қатысып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, отандық мамандар қазіргі таңда Мысыр, Түркия және Ресей елдерінде салынып жатқан атом электр станцияларының құрылыс жұмыстарына өз үлестерін қосып келеді. Бұл қазақстандық кадрлардың кәсіби біліктілігі мен халықаралық деңгейдегі сұранысының жоғары екенін көрсетеді.

Сондай-ақ елімізде атом энергетикасы мен құрылыс саласына қажетті мамандарды даярлау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Осы мақсатта арнайы бейімдеу орталықтары ашылып, түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтарға қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары ұсынылады.

Маманның сөзінше, мұндай бастамалар болашақта еліміздегі ірі энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті кадрлық әлеуетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар