Еңбекші ауданы аумағында 732 шақырымнан асатын 728 көше орналасқан. 2025 жылы аудан аумағында инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар ауқымды жобалар қолға алынды.
Жол жөндеу жұмыстары. Биылғы жылы 72 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, бүгінгі таңда олардың 90 пайызында тиісті жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігі мен ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында аяқжолдар салу жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Нәтижесінде 2025 жылы 13,2 шақырым жаңа аяқжол пайдалануға берілді.
Су басудың алдын алу шаралары. Аудан аумағында ирригациялық арықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар жауын-шашын маусымында артық суды ағызуға және су басу қаупін азайтуға бағытталған.
Жарықтандыру. 2025 жылы аудан бойынша 367 көшені жарықтандыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 282 көше толық жарықтандырылды. Жыл соңына дейін белгіленген меже толық орындалуы көзделуде.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы. Аталған жоба аясында биыл 47 аула мен 17 мекенжайда балалар ойын алаңшалары орнатылды. Сонымен қатар, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында 2025 жылы 9 жаңа ашық спорт алаңы салынды.
Жасыл аймақтар. 2024 жылы 5 гүлзар пайдалануға берілсе, 2025 жылы 8 гүлзардың құрылысы басталып, олардың басым бөлігі жыл соңына дейін аяқталады. Бұл жұмыстар ауданның эстетикалық келбетін арттырып, экологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді.
Қосымша инфрақұрылымдық шаралар. 2025 жылы аудан аумағындағы 207 көшеге 9015 жаңа атау тақтайшалары орнату жұмыстары толық жүзеге асырылады.
Жалпы, Еңбекші ауданында жүргізіліп жатқан жұмыстар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қолайлы орта қалыптастыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған.




