«Атамекен» ҰКП ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
«Алтын сапа» сыйлығы – ұйымның өнім және/немесе қызмет сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін конкурстық негізде беріледі. Конкурсқа ҚР аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен айналысатын ЖК және заңды тұлғалар қатыса алады.
Сыйлық төрт номинация бойынша үш санатта (шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі) беріледі:
1) «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
2) «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;
3) «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;
4) «Азық-түлік тауарларын шығаратын үздік кәсіпорын және / немесе
ауыл шаруашылығы өнімін».
Сонымен қатар арнайы сыйлықтар қарастырылған: «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» , сондай-ақ жаңа арнайы сыйлық — «Цифрлық дамудың үздік жобасы».
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2026 жылғы 1 шілдеге дейін www.altynsapa.kz сайтында қабылданады.
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы – жыл сайын жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға және Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қанықтыруға қызметін жандандыру мақсатында өткізіледі.
Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:
1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
2) «Халыққа арналған тұтынатын үздік тауарлар»;
3) «Үздік азық-түлік тауарлары».
Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады.
Конкурс-көрмеге қатысу үшін өтінім беру www.altynsapa.kz сайтында немесе «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсын өткізу күніне 10 (он) күн қалғанда өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс нөмірі: +7 777 006 0909




