Вторник, 6 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Shymkent Invest – Инвесторларға қолайлы орта

Shymkent Invest фронт офисі инвесторға қалаға келген сәттен бастап жобаны толық жүзеге асыруға дейін жан-жақты қолдау көрсетеді. Бұл орталық инвестор үшін жол көрсетуші, бағыт-бағдар беруші, жобаның қауіпсіздік аймағы іспетті. Мұнда құжат рәсімдеу, рұқсат алу, жер телімін рәсімдеу, инфрақұрылымның дайын болуын қадағалау сынды барлық мәселелер жедел шешіледі.

Фронт офис инвесторларды тарту департаменті мен аналитикалық департамент арқылы қала экономикасына қажетті салаларды анықтайды. Олар бұл ақпаратты шетелдік және жергілікті кәсіпкерлерге ұсына отырып, презентациялар мен ұсыныстар дайындайды. «Біз шет елдік, жергілікті деп бөліп жармаймыз, жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдау барлық инвесторға бірдей», – дейді Shymkent Invest басшысы Дінмұхаммед Зиятбеков.

Инвестор үшін кадр тапшылығы – маңызды мәселе. Жоғары технологиялық өндірістерге білікті мамандар қажет. Shymkent Invest дуальды оқыту жүйесін күшейту, индустриалды колледждер әлеуетін арттыру арқылы мамандар даярлауға қатысады. Сонымен қатар, жер телімдерін рәсімдеу, инженерлік инфрақұрылымның жеткілікті болуын қамтамасыз ету, қажетті құжаттарды жедел дайындау да фронт офис бақылауында.

Инвесторларға қолайлы орта құру – қала экономикасының өсуіне тікелей ықпал етеді. Бұл жүйелік қолдау арқылы бизнес пен мемлекеттік құрылым арасындағы сенімділік қалыптасып, жаңа жобаларды іске асыру жылдамдығы артады. Әрбір жоба жеке сүйемелденеді, бюрократиялық кедергілер азайтылады, инфрақұрылымдық мәселелер шешіледі. Мұның бәрі инвестордың уақытын үнемдеп, өндірістің сапалы іске қосылуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, фронт офис әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа да көңіл бөледі. Салықтық саясаттың болжамды болуы, мемлекеттік бағдарламалардың ұзақ мерзімге нақты болуы – инвестор сенімін арттыратын негізгі фактор. Осылайша, Shymkent Invest инвестициялық климаты тұрақты, ашық және қолайлы қаланы қалыптастырып отыр, бұл қала дамуының тұрақты өсуіне ықпал етеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар