Вторник, 6 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Шымкент: Өркендеуге бет алған мегаполис

Шымкент – Қазақстандағы ең серпінді дамып келе жатқан қалалардың бірі. Соңғы жылдары ол елдегі үш мегаполистің қатарында индустриялық-инновациялық орталық ретінде де назар аударта бастады. Қала экономикасы тұрақты өсім көрсетіп, шетелдік және отандық инвесторларды қызықтыруда. Өндіріс ошақтары көбейіп, индустриалды және логистикалық аймақтар кеңейіп келеді. Мұның бәрі қалаға жаңа жұмыс орындарын ашуға, технологиялық жаңалықтар енгізуге және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Инвесторлар үшін сенімді орта қалыптастыру міндеті айқын көрініп отыр. Осы мақсатта Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Shymkent Invest фронт офисі ашылды. Бұл мекеме бизнес пен мемлекеттік құрылым арасындағы көпір ғана емес, жобаны іске асырудағы барлық кезеңде жан-жақты қолдау көрсететін орталық болып табылады. Инвесторға қажетті құжаттарды рәсімдеу, рұқсаттарды алу, жер телімдерін беру, инженерлік инфрақұрылымның дайын болуын қамтамасыз ету – фронт офис қызметкерлерінің басты міндеті.

Бизнес үшін ең күрделі кезең – алғашқы қадам жасау. Құжаттар қандай ретпен рәсімделеді, қандай органға жүгіну қажет, инфрақұрылым дайын ба – осы сұрақтарға дәл сол сәтте жауап беру арқылы Shymkent Invest инвестордың уақыты мен ресурсын үнемдейді. Сонымен қатар, бұл орталық инвестициялық жобаларды сүйемелдеу арқылы қаланың экономикалық моделін жаңғыртуға үлес қосады.

Қалаға инвестиция тарту тек қаражат әкелу емес, жаңа өндірістер ашу, жұмыс орындарын көбейту, технологиялық трансферді қамтамасыз ету, қала инфрақұрылымын дамыту дегенді білдіреді. Shymkent Invest инвестор үшін сенімді ортаны қалыптастырады, бюрократиялық кедергілерді азайтады және жобаларды жылдам іске қосуға жағдай жасайды. Бұл құрылымның жұмысы кейде көпшілікке байқалмайтын болса да, қала дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып отыр.

Шымкенттің экономикалық өсімі – жүйелі саясат пен нақты жоспарлаудың нәтижесі. Инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы қала жаңа жұмыс орындарын ашып, салық түсімдерін арттыруда. Сонымен қатар, технологиялық жаңалықтар енгізу және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – Шымкенттің ұзақмерзімді даму стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі. Осылайша, қала экономикасы мен инвестициялық климаты тұрақты түрде өркендеуде, ал Shymkent Invest фронт офисі осы өсімнің басты тірегі болып саналады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар