Четверг, 1 октября, 2026
17.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Шымкент: Опера және балет театры жаңа XVIII театр маусымын ашты

Шымкент қалалық опера және балет театры жаңа XVIII театр маусымының шымылдығын белгілі композитор Тасқын Жармұхамедтің «Домалақ ана» операсымен түрді. Бұл қойылым — ананың шексіз мейірімі мен даналығын дәріптеп, ел бірлігі мен рухани тұтастық идеясын тереңнен қозғайтын тарихи-сахналық туынды.

Спектакльдің басты ерекшелігі – театр директоры әрі басты рөлді сомдаған Қазақстанның халық әртісі Майра Мұхамедқызының шығармашылық бастамасымен жүзеге асқанында. Белгілі опера примадоннасының идеясы негізінде сахналанған бұл туынды Тәуелсіздік жылдарында жазылған екінші ұлттық опера ретінде қазақ өнерінің даму жолындағы маңызды белеске айналды.

Операда ел тарихындағы тағдырлы кезеңдер, Домалақ ананың көрегендігі мен парасаты, ұлт болмысына тән сабыр мен төзім, аналық қамқорлық пен рухани тазалық сынды мәңгілік құндылықтар көрініс тапқан. Композитордың әуендік шешімдері ұлттық музыкалық нақыш пен заманауи опералық өрнекті үйлестіріп, көрерменге әсерлі эмоциялық кеңістік сыйлады.

Маусымның ашылу салтанатында қала тұрғындары мен өнерсүйер қауым ерекше толқумен жиналды. Театр сахнасында оркестр мен хордың үйлесімділігі, әртістердің кәсіби шеберлігі, көркемдік безендіру мен жарық шешімдері жоғары бағаланды. Көрермендер ұлттық өнердің жаңа тынысын сезініп, қойылымнан алған әсерлерімен ризашылық білдірді.

«Домалақ ана» – рухани сабақтастық пен аналық мейірімнің символы. Бұл туынды арқылы театр ұжымы қазақ опера өнерінің жаңа дәуірін ашып отыр», – деп атап өтті көрермендердің бірі.

Театрдың жаңа маусымдағы бағыты да ауқымды жоспарларға толы. Ұжым тың режиссерлік шешімдер мен заманауи көркемдік ізденістерге басымдық беріп, жас таланттарды қолдау мен ұлттық және әлемдік классиканы жаңаша сахналау ісін жалғастырмақ. Сонымен қатар, театр алдағы уақытта өңірлерге гастрольдік сапарлар ұйымдастырып, көрермен қауымға рухани қуаныш сыйлауды көздеп отыр.

Шымкент опера және балет театрының жаңа маусымының ашылуы – тек мәдени шара ғана емес, ұлттық өнердің өрісін кеңейтетін маңызды мәдени оқиға болды. Бұл кеш – сахна мен көрермен арасындағы рухани байланысты нығайтып, қазақ өнерінің биік деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар