Пятница, 2 октября, 2026
24.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Шымкент қаласында жедел медициналық жәрдем станциясы, ауруханалар мен перзентханалар мен емханалар штаттық режимде жұмыс істеуде. Қалалық стационарлар қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдап, медициналық көмек көрсетуде.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қала тұрғындарына тәулік бойы медициналық көмек көрсететін №1 қалалық клиникалық ауруханасында болып, қазіргі жағдайды бақылап шықты.
Басқарма басшысы қабылдау бөлімінен бастап, жарақат бекеті, МРТ, рентген кабинеттерін аралап шықты. Ауруханада 20 дәрігер кезекшілік етеді, науқастар арасында кезек жоқ.
Басқарма басшысы қабылдау бөлімінен бастап, жарақат бекеті, МРТ, рентген кабинеттерін аралап шықты. Ауруханада 20 дәрігер кезекшілік етеді, науқастар арасында кезек жоқ.
Айта кетейік, қалада толласыз қар жаууына байланысты медициналық мекемелердің ауласын тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп, жұмыс күшейтілді. Жұмыс барысын бақылау мақсатында басқарма басшысынан бастап орынбасарлары ұйымдарды аралап, жедел медициналық жәрдем пациенттерге көмек көрсетудің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, жұмысы 24/7 жүзеге асырылуда.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар