Пятница, 2 октября, 2026
23.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

Шымкенттің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бектітілді. Сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының жиырма үшінші сессиясында қабылданды. Жиында сонымен бірге биылға бөлінген қала бюджетінің қанша пайызға игерілген аталды.

Алдағы үш жылға арналған қала бюджетін қалыптастыру заңдылықтарға қарай жүргізілген. Оның жобасы қоғамдық кеңесте қаралып, мәслихаттың тұрақты комиссияларында жан-жақты талқыланған. Осылай деген басқарма басшысы 2025 жылға арналған қала бюджеті 150 миллиардқа артып отыр.

 

«Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыруға бөлінетін қаржы шамамен еке есе көбейеді. Яғни, биыл осы жобаға 5,8 млрд теңге бөлінген еді, енді келесі жылы ол 9,1 миллиардқа жетеді. 2025 жылы баспана мәселесіне 53 млрд, инжинерлік жұмыстарға 32 млрд, жолдарды салу және жөндеуге 32 млрд, әлеуметтік нысандар құрылысы мен оларды жөндеуге 36 млрд теңге қарастырылып отыр. Сонымен бірге жиында 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджетіне қатысты шешім өзгерді.

 

Жалпы мәслихаттың 23-ші сессиясында қала бюджеті биыл 99 пайыз игерілгені айтылды. Бұл тұрғыда халық қалаулылары жергілікті атқарушы органның жұмысын жоғары бағалады.

 

Мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы 2025 жылға енгізілген бюджеттің 120 млрд теңгесі депуттатық сауал арқылы қабылданғаны айтты. Сондай-ақ биыл қардыны толық игере алмаған басқармаларды атады.

 

Алдағы жылдарға қала бюджетін қабылдау бір айға жуық талқыланған. Мәслихат депуттары кірістер мен шығыстар қаржыны қабылдауда жан-жақты ескерілгенін алға тартады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар