Четверг, 1 октября, 2026
16.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ҚАҒИДАТТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірлерде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жасыл экономика қағидаттарын енгізу бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Бұл бастама Түркістан қаласында да жүйелі түрде жүзеге асырылып, қала аумағында тазалықты сақтау, қалдықтарды тиімді басқару және экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы шаралар тұрақты жүргізілуде.

2025 жылы Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары апта сайын ұйымдастырылып, бекітілген жоспарға сәйкес толық орындалды. Жыл басынан бері қала көлемінде 40-қа жуық ауқымды санитарлық тазалық шарасы өткізілді. Бұл жұмыстардың барлығы қаланың экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Қала тазалығын сақтау және коммуналдық инфрақұрылымды тиімді басқару міндеті «Түркістан жарық-тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген. Бүгінде мекемеде 505 қызметкер тұрақты түрде еңбек етеді. Әрбір жұмысшы өзіне бекітілген аумақта көшелер мен аулаларды тазалау, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын күнделікті атқарады. Әр аумаққа жауапты бригадирлер бекітіліп, жұмыс сапасына тұрақты бақылау жүргізіледі.

Жалпы Түркістан қаласының аумағында 875 көше бар. Оның ішінде 30 көше күнделікті, 120 көше аптасына үш рет, ал қалған 725 көше аптасына бір рет санитарлық тазалау жұмыстарымен қамтылып отыр. Бұл ретте қалдықтарды бөлек жинау, уақытылы шығару және экологиялық қауіпсіз полигондарға тасымалдау жұмыстары қатаң бақылауда. Ай сайын қала аумағынан шамамен 2200 тонна тұрмыстық қатты қалдық арнайы белгіленген полигонға шығарылады.

Жасыл экономика қағидаттарына сәйкес қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында қала аумағында 500-ден астам жаңа қоқыс жәшігі орнатылды. Сонымен қатар, жарамсыз күйге түскен қоқыс контейнерлері жөнделіп, бұрын контейнер орнатылмаған аумақтарға қайта орналастырылды. Бұл шаралар қалдықтардың ретсіз тасталуын болдырмауға және қала келбетін жақсартуға оң әсерін тигізуде.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 1262 қоқыс алаңшасы мен 2719 қоқыс контейнері бар. Қалдықтарды уақытылы шығару және санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін 34 арнайы техника жұмылдырылған. Аталған бағыттағы жұмыстарды үш мекеме атқарса, көгалдандыру және жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстарымен екі мекеме айналысады. Тазалық және көгалдандыру қызметтері бойынша жеті кәсіпкермен келісімшарт жасалып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері тиімді қолданылуда.

Сонымен қатар, қала аумағында көгалдандыру, жасыл аймақтарды көбейту және су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында да кешенді шаралар қолға алынған. Ағаш отырғызу, гүлзарларды жаңарту, суару жүйелерін жетілдіру арқылы экологиялық тепе-теңдікті сақтау көзделуде. Бұл жұмыстар экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және экологиялық туризмді дамытуға да оң ықпал етеді.

Түркістан қаласында жүргізіліп жатқан тазалық, абаттандыру және экологиялық шаралар энергия тиімділік саясаты, жасыл экономика, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағыттарымен тығыз сабақтас. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қаланың тұрақты дамуына және табиғи ресурстарды сақтауға бағытталады.

Түркістан – тек тарихи-рухани орталық қана емес, сонымен қатар экологиялық таза, заманауи және жайлы қала ретінде дамуды мақсат етіп отыр. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар – мемлекет пен қоғамның бірлескен жауапкершілігінің нақты көрінісі.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар