Пятница, 2 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

«Weekend.Book.Vides»Ұлттық кітап күні

«Далада оқу – даналыққа жол»: Ұлттық кітап күні аясындағы тағылымды шара

Ұлттық кітап күні апталығы аясында ұйымдастырылған «Weekend.Book.Vibes» жобасы шеңберінде «Далада оқу – даналыққа жол» атты іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандарды кітап оқуға баулу, табиғат аясында еркін форматта оқу мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру болып табылады. Сонымен қатар, таза ауада кітап оқу арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына ықпал ету және бос уақыттарын мазмұнды өткізуге бағыт беру көзделді.

Іс-шара барысында оқушылар табиғат аясында өздерінің сүйікті шығармалары туралы пікір алмасып, кітап оқудың маңыздылығы жөнінде өз ойларымен бөлісті. Бұл бастама жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар