Пятница, 2 октября, 2026
13.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Заң мен тәртіп жолындағы капитандар отбасы

Полиция қызметкерінің әр күні ерте басталады. Саптық жиын, қызметтік тапсырмалар, тұрғындармен кездесу, профилактикалық жұмыстар, шақыртуларға шығу – олардың күнделікті міндеті.
Бүгінгі кейіпкерлеріміз – Отырар аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Рахымжан Ниязбекұлы және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы Зүбайра Абылайқызы. Олар – тек әріптес емес, бір шаңырақтың иелері. Отау құрғандарына 13 жыл болған ерлі-зайыптылар бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр.
Рахымжан Ниязбекұлы учаскелік полиция инспекторы ретінде халықпен тығыз жұмыс жүргізсе, Зүбайра Абылайқызы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында еңбек етеді. Бір салада қызмет атқарғанымен, кейде олар тек қызмет барысында ғана кездеседі.
– Біздің басты міндетіміз халықтың тыныштығын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтарға көмек көрсету. Қызметте де, өмірде де біргеміз. Бізді біріктіретін – антқа адалдық, отбасына деген махаббат және елге қызмет ету, – дейді полиция капитандары.
Полицияның бір күні – батылдықтың, төзімділіктің және жоғары жауапкершіліктің көрінісі. Бұл – ел қауіпсіздігі мен халық тыныштығы жолындағы адал қызмет.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар