Четверг, 1 октября, 2026
16.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА АҒЫН СУ АРНАЛАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысында су ресурстарын тиімді пайдалану, ағын су арналарының техникалық жағдайын жақсарту және ауыл шаруашылығы алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысы мен облыс басшылығының тапсырмаларына сәйкес өңірде су тапшылығының алдын алу, су шығынын азайту және вегетациялық кезеңде шаруалардың сұранысын толық қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып отыр.

Осыған орай Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов аудан аумағындағы ағын су арналарының қазіргі жай-күйін зерделеу мақсатында жауапты сала басшыларымен бірге бірқатар су нысандарын аралады. Аралау барысында су өткізу қабілетін арттыру мақсатында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген каналдардың жағдайы қаралып, атқарылған жұмыстардың сапасына жан-жақты талдау жасалды.

Механикалық тазалау барысында канал табандарында жылдар бойы жиналған лай-қоқыстар, әртүрлі шөгінділер мен су ағымына кедергі келтіретін бөгеттер толықтай алынып тасталды. Бұл жұмыстар ағын судың еркін әрі үздіксіз өтуін қамтамасыз етіп, егістік алқаптарды сумен уақытылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, су арналарының тазалануы судың фильтрация арқылы ысырап болуын азайтып, су ресурстарын ұтымды пайдалануға жағдай жасайды.

Аудан басшысы тазалау жұмыстары жүргізілген каналдардың әр учаскесін жеке қарап, мердігер ұйымдар мен жауапты мекемелердің атқарған жұмыстарына нақты тапсырмалар берді. Ол су арналарының тек маусымдық емес, жыл бойы тұрақты бақылауда болуы қажеттігін атап өтіп, алдын алу шараларының маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ аралау барысында көршілес Өзбекстан Республикасынан келіп жатқан ағын судың көлемі де назарға алынды. Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда су көлемі қалыпты деңгейде сақталып отыр. Дегенмен, вегетациялық кезеңде суға деген сұраныс артатынын ескере отырып, су ресурстарын тиімді пайдалану мен қатаң бақылау қажеттігі атап өтілді. Бұл ретте трансшекаралық суды әділ әрі ұтымды бөлу, су бөлу кестесінің нақты сақталуы аса маңызды.

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы су тапшылығының алдын алу, ысырапшылдыққа жол бермеу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сұранысын толық қамтамасыз ету мақсатында жауапты мекемелерге бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, каналдарды жүйелі түрде тазалау жұмыстарын үздіксіз жалғастыру, гидротехникалық нысандардың техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау, су бөлу кестесін әділ әрі тиімді ұйымдастыру қажеттігін тапсырды.

Сонымен қатар, су шаруашылығы саласында заманауи су үнемдеу технологияларын енгізудің маңыздылығы да кеңінен талқыланды. Тамшылатып және жаңбырлатып суару секілді озық әдістерді қолдану арқылы су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға болатыны айтылды. Бұл бағытта шаруалармен түсіндіру жұмыстарын күшейту, су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану қажеттігіне назар аударылды.

Аудан басшысы стратегиялық маңызы бар су ресурстарын ұқыпты әрі жауапкершілікпен пайдалану – әрбір мекеме мен шаруаның ортақ міндеті екенін атап өтті. Ол су арналарының тазалығы мен гидротехникалық нысандардың жарамдылығы ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына тікелей әсер ететінін айтып, бұл мәселеге салғырт қарауға жол берілмейтінін ескертті.

Жалпы алғанда, Жетісай ауданында ағын су арналарының жай-күйін жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар өңірдің аграрлық әлеуетін сақтауға, су ресурстарын қорғауға және қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Су инфрақұрылымын уақтылы тазалау мен күтіп ұстау егістік алқаптардың өнімділігін арттырып қана қоймай, шаруалардың еңбек өнімділігін көтеруге де ықпал етеді.

Алдағы уақытта да Жетісай ауданында су арналарының жағдайы тұрақты бақылауда болып, су ресурстарын тиімді басқару, су тапшылығының алдын алу және ауыл шаруашылығы саласын тұрақты сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар