Пятница, 2 октября, 2026
24.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Қазіргі уақытта интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар көбейіп отыр. Алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді қолданып, азаматтардың ақшасын иемденуде. Олар өздерін банк қызметкері, полиция қызметкері, интернет-дүкен өкілі немесе таныс адам ретінде таныстыруы мүмкін.
Көп жағдайда алаяқтар:
«Шотыңыз бұғатталды» деп хабарласады;
«Арзан несие алып береміз» деп уәде береді;
«Жұмысқа орналастырамыз» деп алдайды;
Жалған интернет-дүкендер арқылы тауар сататын болып көрінеді;
SMS немесе WhatsApp арқылы күмәнді сілтемелер жібереді.
ЕШҚАШАН:
* Банк картасының нөмірін, CVV кодын айтпаңыз;
* Телефонға келген SMS кодтарды бөгде адамға бермеңіз;
* Бейтаныс адамдардың шотына ақша аудармаңыз;
* Күмәнді сайттарға жеке деректеріңізді енгізбеңіз.
ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН:
* Тек ресми сайттар мен қосымшаларды пайдаланыңыз;
* Интернеттегі хабарландыруларды мұқият тексеріңіз;
* Күмәнді қоңырауларға сенбеңіз;
* Жақындарыңызға да ескертіңіз.
Егер алаяқтардың әрекетіне тап болсаңыз, дереу банкке және құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардан сақтаңыз!!!

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар