2026 жылғы 1 қазанда Қазығұрт ауданында толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан бірқатар елді мекенде су басу жағдайлары орын алып, тұрғындарға қолайсыздық туындады.
Қалыптасқан жағдайға байланысты аудан жастары мен еріктілер азаматтық белсенділік танытып, жауын-шашын салдарын жою жұмыстарына қолдау көрсетуге жұмылдырылды.
Жастар мен еріктілер су басқан аулалар мен көшелерді тазарту, жиналған лай-батпақ пен қоқыстарды шығару, аумақтарды ретке келтіру және тұрғындарға қолғабыс көрсету бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.




