Вторник, 6 октября, 2026
14.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ПЛАСТИК ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Түркістандағы арнайы экономикалық аймақта полиэтилен пакеттері мен пластик (желім) ыдыстар өндіретін «ER-QAN GROUP» ЖШС-нің жаңа зауыты ресми түрде іске қосылды. Өндіріс орнының ашылу шарасына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, цехтардың жұмысымен танысты.

Аймақ басшысы кәсіпорынның өңірге тигізетін оң әсерін атап өтіп, оның индустриалды дамуға қосатын үлесі жоғары екенін жеткізді.

Әкімнің айтуынша, жоба жеке инвестиция есебінен жүзеге асқан. Инвестор тарапынан жалпы құны 4 млрд теңге болатын қаржы құйылып, 30-дан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Бүгінде елімізде полиэтилен өнімдеріне сұраныс жоғары, сондықтан жаңа зауыт ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа шығу мүмкіндігін де қарастыруда.

Облыстың жалпы инвестициялық ахуалы да тұрақты өсім көрсетуде. Биылғы 10 айда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1 178,4 млрд теңгеге жетті. Ал шетелдік инвестициялар 543,5 млн АҚШ долларын құрап отыр. 2025–2028 жылдары іске асырылатын 111 жоба есебінен өңірде 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар