Вторник, 6 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ – ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН ЖОЛ ЖҮЙЕСІ

Шымкент қаласының ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан аумақтарының бірі – Еңбекші ауданы. Аудан аумағы 22 800 гектарды қамтып, тұрғындар саны 228 830 адамға жеткен. Құрамында 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан бар өңірде инженерлік инфрақұрылым жүйелері жыл сайын жақсарып келеді. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші – 97 пайыз, электр энергиясымен қамту – 99,8 пайыз, табиғи газ – 97 пайыз, ал кәріз жүйесімен қамту деңгейі – 41 пайызды құрап отыр. Жолдардың 79,8 пайызы асфальтталған.

2022–2025 жылдар аралығында инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Жол картасында» жоспарланған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Былтыр аудан аумағындағы халық көп шоғырланған аумақтардың барлығы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, тұрғындарды сапалы сумен қамту деңгейі 97 пайызға жетті. Биыл Жастар көшесі, «Қазығұрт» станциясы аумағы мен Оңтүстік–Жаңақұрылыс–3 тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жобалары қолға алынады.

Электр инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары да тұрақты жүргізілуде. Былтыр 16,7 шақырым электр желісі ауыстырылып, 9 трансформатор орнатылды. Биыл 4,7 шақырым желі жаңартылып, 3 трансформатор қойылды. Сонымен қатар Исфиджаб және Достық тұрғын алаптарындағы жекеменшік электр желілерін мемлекеттік стандартқа сәйкестендіру жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда аудан тұрғындарының барлығы электр энергиясына қол жеткізіп отыр, тек Жаңақұрылыс аумағында 120 абонентке желі тарту қажет.

Тұрғындарға қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында көшелерді жарықтандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Аудан аумағында 361 көше жарықтандырылған. Былтыр 244, биыл 367 көшені жарықтандыру жоспарланған, бүгінге дейін 282 көшеге жарықшамдар орнатылды, қалған 85 көшеде жұмыстар жүргізілуде.

Еңбекші ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамту деңгейі 97 пайызға жетіп, халықтың басым бөлігі «көгілдір отынға» қол жеткізген. 2025 жылы Қаратөбе тұрғын алабы мен Оңтүстік шағынаудан нысандары пайдалануға берілді. Жалын, Қарабастау–Жаңақұрылыс және Жұлдыз–Жаңақұрылыс елдімекендеріндегі тұрғындар да жақын арада табиғи газға қосылады.

Аудан аумағында кәріз жүйесімен қамту деңгейі 41 пайызды құрайды. «Ұлағат» шағынауданында кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталса, Жұлдыз, Базарқақпа тұрғын алабы және Достық көшесіндегі көпқабатты үйлерге жүйе тартылуда. Аудан орталығындағы 11 көшеге кәріз жүйесін тарту жобалары әзірленуде.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар