Пятница, 2 октября, 2026
24.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

«Құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу»

Жылға ауылдық округі аумағындағы №44 Ғ.Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектебі жоғары сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу және темір жол аймағындағы қауіпсіздік тақырыптарында түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Менлибаев және Сарыағаш станциясы КПб полиция кіші сержанты Ә.Н.Әкімбай қатысып, оқушыларға заң талаптары, жауапкершілік түрлері және қауіпсіздік ережелері жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шара барысында:
— Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың салдары;
— Зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары;
— Темір жол маңындағы қауіпті аймақтар мен сақтық шаралары;
— Қоғамдық тәртіпті сақтау және жеке қауіпсіздік мәдениеті түсіндірілді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға және жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.
Құқықтық мәдениет — қауіпсіз қоғамның кепілі!

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар