Вторник, 6 октября, 2026
15.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ: ӨНДІРІС ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯНЫ ҚОРҒАУДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ

Шымкенттегі барлық ірі кәсіпорындардың автоматтандырылған мониторингке қосылуы мегаполистің экологиясын жақсартуға жасалған маңызды қадам болып отыр. Айталық, Шымкентцементтің өнімдері Қазақстанның түрлі аймақтарындағы ірі құрылыс нысандарында – тұрғын үй жобалары, жол құрылысы және өнеркәсіптік кешендерде кеңінен қолданылады. 1958 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын Оңтүстік өңірдегі ең ірі цемент зауыттарының бірі. Жылдық өндірістік қуаты шамамен 1,3 миллион тонна цементті құрайды.

2016 жылы Шымкентцемент әлемдік HeidelbergCement тобына қосылып, өндіріс технологиясы халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Құрғақ әдіс өндіріс барысында отын шығынын 30 пайызға дейін азайтып, атмосфераға тарайтын шаң мен газдың мөлшерін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл қала экологиясын жақсартуға тікелей үлес қосып отыр.

– Шымкентцемент – Шымкент қаласында АСМ толық енгізген алғашқы кәсіпорындардың бірі. Датчиктер зиянды заттардың нақты көлемін күні-түні өлшеп, деректерді бірден Экология министрлігіне жолдайды. АСМ орнатылғаннан кейін өндірістік тәртіп күшейтіліп, сүзгі жүйелері жаңартылды. Соның арқасында соңғы екі жылда зауытқа қатысты экологиялық шағымдар азайды, – дейді Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші маман Руслан Исабаев.

2023 жылдан бастап I санаттағы кәсіпорындар автоматтандырылған эмиссияларды бақылау жүйесін орнатуға міндеттелді. Қазір 91 кәсіпорынның 77-сіне АБЖ енгізіліп, 71-і Ұлттық деректер банкіне қосылған. Бұл жүйе нормадан асып кеткен шығарындыларды тіркеп, экологиялық ақпараттың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. 2024 жылдан бастап Экология министрлігі талаптарды бұзған кәсіпорындарға қатаң шара қолданып, 36 кәсіпорынға 17,3 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Ұлттық деректер банкі мен АБЖ енгізу еліміздің экологиялық жағдайын жақсартып, бақылаудың ашықтығын арттыруға, заманауи және тиімді шешім жасауға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейтіп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға, тұрғындардың денсаулығын сақтауға нақты үлес қосады. АСМ мен АБЖ жүйесі – Шымкенттегі өндіріс пен экологияны үйлестіретін ең маңызды әрі тиімді технологиялық құралға айналды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар