Пятница, 2 октября, 2026
24.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
Жалпыұлттық аза тұту күні

Редакция таңдауы

Жастар жасампаз болуы қажет

Мемлекет басшысы халыққа арнаған биылғы Жолдауында қоғамдық үдерістерге кеңінен тоқталып, әрбір азамат мемлекетшіл әрі отаншыл болуы қажет екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл – ең алдымен жастарға тән әрі қажет қасиет. Ол қазіргі буын үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық екенін ерекше атап көрсетті. Өз ісінің адал маманы болып, кәсіпқойлық танытқан азаматтар Қазақстанды дамыған әрі көркейген ел ретінде көруге ұмтылатыны айтылды.

Жолдауда өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм болашаққа деген шынайы ұмтылыстың кепілі екені көрсетілді. Бүгінде әрбір азаматтың жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндігі бар. Ол үшін адал еңбек етіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру аса маңызды. Мемлекет басшысы: «Ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін көркейтуді ойлаған жастарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Біз қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр. Өскелең ұрпақ ертең соның игілігін көреді, оны еселеп, лайықты жалғастырады», – деді.

Расында, бүгінде жастардың жетістікке жетуіне барлық жағдай жасалған. Ендігі міндет – адал еңбек ету. Жолдауда айтылған осы қағидаттар қоғам дамуының іргетасы болмақ.

Бұл мәселеге қатысты пікір білдірген ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Біржан Жақыпов та Президенттің ұстанымын қолдайтынын жеткізді. «Біз ел абыройын асқақтату мақсатында еңбек еттік. Әлем чемпионаттары мен Азия ойындарында жүлде алдық. Қазір шәкірт тәрбиелеп, жастардың спорттан өз жолын табуына жағдай жасап келеміз. Біз бағындырған биікті жас ұрпақ жалғастыруы тиіс. Сонда ғана ортақ мақсаттарға бірге қол жеткіземіз», – деді ол.

Қорытындысында Жолдау жастардың патриоттық рухын арттырып, олардың білім мен спорттағы, ғылым мен өнердегі жетістіктерін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған құжат екені айқындалды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар